Әлемдік мұнай бағасы едәуір өсті

/
Әлемдік мұнай бағасы едәуір өсті
istockphoto.com

2026 жылғы 13 шілде таңертеңгі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың бағасы 4,00%-ға (+3,04 АҚШ доллары) өсіп, бір баррелі 79,05 АҚШ долларына жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы да 4,09%-ға (+2,92 АҚШ доллары) қымбаттап, бір баррелі 74,33 АҚШ долларын құрады.

Ресейлік Urals маркалы мұнайдың бағасы бір баррелі үшін 55,12 АҚШ долларын құрады.

Еске салайық, 8 шілдеде АҚШ Иран мұнайының сатылуына қатысты санкцияларды қайта енгізгені белгілі болды. Шектеулерге Ормуз бұғазы маңында мұнай және сұйытылған табиғи газ тасымалдайтын танкерлерге жасалған шабуылдар туралы хабарламалар себеп болған.

Кейінірек Ақ үй Ирандағы бірқатар нысандарға ауқымды соққылар жасала бастағанын мәлімдеді.

Нарық жеткізілімдердің үзілу қаупіне бірден реакция білдірді. Санкциялар жарияланғаннан кейін әлемдік мұнай бағасы бірден 5%-дан астам қымбаттап, Brent маркалы мұнайдың бағасы 24 маусымнан бері алғаш рет бір баррелі үшін 76 АҚШ долларынан асты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары