Маңғыстауда өлі итбалықтарды өртеп жатыр

Маңғыстауда өлі итбалықтарды өртеп жатыр

Маңғыстауда өлі итбалықтарды өртеп жатыр
ашық дереккөзі
248
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында теңіз жағасынан табылған өлі итбалықтар өртеліп жатыр, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Жағалаудан жиналып алынған итбалықтардың жалпы саны – 243. Ашық далада жатып, бұзыла бастаған өлекселер қоршаған ортаға қауіпті. Осыны ескерген аудан әкімдігі коммуналдық мекеме қызметін күшейтілген режимге көшіріп, 10-нан аса арнайы техника бөлді. Ал теңіз жануарларының жаппай қырылу себебін жергілікті мамандар зерттеу үстінде. Итбалық мүрделері Форт-Шевченко қаласы мен Қызылөзен ауылының арасын жалғайтын теңіз жағалауынан табылды. Ұзындығы 20 шақырым аумақтан 21 сәуір күні 6 өлексе анықталған еді. Араға төрт күн салып, екі жүзден аса теңіз жануарын толқын жағаға шығарып тастады. Өлі итбалықтар табылған аумақты залалсыздандыруға аудандағы шетелдік компаниялар мамандары да көмекке келді. Қас қарайғанша мүрделер түгелдей жиналып, полигонда өртелуі керек. Ал сынама үшін қалдырылған бірнеше итбалықты арнайы комиссия зерттейді. Мамандар теңіз суы мен ауа құрамын зерттеп жатыр. Үш жерден сынама алынып, «Қазгидромет» орталығы, өңірлік Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен экология департаментінің зертханаларына жіберілді. Әзірге соңғысының ғана сараптамасы дайын. Итбалықтардың жаппай қырылу себебін жан-жақты зерттеумен ұлттық референт орталығының мамандары да айналыспақ.

Серіктес жаңалықтары