Римде танымал фильмдердегі мүсіндер көрмесі ашылды

Римде танымал фильмдердегі мүсіндер көрмесі ашылды

Римде танымал фильмдердегі мүсіндер көрмесі ашылды
ашық дереккөзі
261
Римде ерекше көрме ашылды, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, ерекше көрмеге әлемге әйгілі фильмдерде пайдаланылған 300 мүсін қойылған. Ең танымалы – Ридли Скоттың «Гладиаторындағы» биіктігі бес метр Марс мүсіні. Фильмде Колизейге гладиаторларды жеткізген құлсаудагері Проксимо, осы пұттың алдында дұға тілеп, сәттілік сұрайды. Сондай-ақ, көрмеге келушілер Джозеф Манкевичтің туындысындағы Клеопатраның жатын орнын, Феллинидің «Тәтті өмір» киносындағы Иса пайғамбардың мүсінін тамашалай алады. Италияның «Чинечитта» киностудиясы 80 жыл ішінде 3 мыңнан астам туынды түсірген. Оның 47-сі «Оскар» сыйлығын алған. Мұнда мүсіндерден бөлек, танымал фильмдерге арнайы жасалған ерекше декорацияларды да тамашалауға болады. Оның ішінде былтыр Тимур Бекмамбетовтің «Бен Гур» туындысы үшін жасалған Рим циркі де бар. Сол жерде режиссер күйме жеккен аттар жарысын түсірген.

Серіктес жаңалықтары