Алматылық еріктілер су басқан аймақтарға қолдау көрсетуде

Алматылық еріктілер су басқан аймақтарға қолдау көрсетуде

Алматылық еріктілер  су басқан аймақтарға қолдау көрсетуде
ашық дереккөзі
454
Еліміздегі еріктілер мен қайырымдылық қорлары су басқан аймақтарға барынша қолдау көрсетуде, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Мәселен, алматылық еріктілер Қарағанды өңіріндегі табиғи апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді. Арнаның хабарлауынша, жарты тоннаға жуық киім-кешек тиелген жүк көлігі Сарыарқа төріне бүгін кешке жетуі тиіс. Қайырымдылық шаралары мұнымен бітпейді. Алматыдағы үлкен сауда үйлері мен оқу орындарының маңында 12 қабылдау орны жұмыс істеп тұр. Көмек қолын созғысы келетін  жандар осы жерлерге киім-кешек, тұрмысқа қажетті заттар немесе азық-түліктерді өткізуіне болады. Қалалық еріктілер бұған дейін ақтөбелік тұрғындарға гуманитарлық көмек жөнелткен. «Қарағанды өңірінде көптеген адамның зардап шеккені туралы ақпарат көздерінен естіп жатырмыз. Біз де қол қусырып қарап отыра алмадық, қолдан келген көмегімізді берейік деп бүгін біраз киім-кешек жөнелттік», – дейді қайырымдылық қорының президенті Руслан Аялсу.

Серіктес жаңалықтары