Алматыда автобус жүргізушісі көз жұмды

/
Алматыда автобус жүргізушісі көз жұмды
istockphoto.com

Алматы қаласының Жетісу ауданында №131 бағыттағы жолаушылар автобусы мен екі жеңіл жол апатына түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияның мәліметінше, автобус Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Алдын ала деректер бойынша, қозғалыс барысында жүргізушінің денсаулығы кенет сыр беріп, ол көлікті басқару мүмкіндігінен айырылған.

Басқарудан шыққан автобус екі жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Қоғамдық көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен нақты себептері анықталып жатыр.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары