Алматыда жолаушылар автобусын тізгіндеген жүргізуші жол үстінде көз жұмды

/
Алматыда жолаушылар автобусын тізгіндеген жүргізуші жол үстінде көз жұмды
freepik.com

Алматыда жолаушылар автобусының жүргізушісі жол үстінде өзін жайсыз сезініп, көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Салдарынан автобус бірнеше көлікпен соқтығысып, жол апаты болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 22 маусым күні Жетісу ауданында тіркелген. 131-маршруттағы автобус Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан кезде Mercedes және Toyota маркалы автокөліктерімен соқтығысқан.

Алдын ала дерек бойынша, қозғалыс кезінде автобус жүргізушісінің денсаулығы күрт нашарлаған. Осы себепті ол рөлге ие бола алмай, апатқа жол берген.

Өкінішке қарай, оқиғадан кейін автобус жүргізушісі қайтыс болды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сараптама тағайындалып, жол апатының нақты мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары