ҚФФ: «Елімай» – «Ордабасы» кездесуінде төреші дұрыс шешім қабылдады

ҚФФ: «Елімай» – «Ордабасы» кездесуінде төреші дұрыс шешім қабылдады
видеодан скриншот

ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру ҚПЛ-дың 13-турдағы кейбір ойын сәттеріне түсіндірме берді. Соның ішінде ол «Елімай» – «Ордабасы» матчы төңірегіндегі төрешіге қатысты дауды да қарастырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Елімай» – «Ордабасы».

47-минут. Үшінші эпизодта ойыннан тыс қалу жағдайы қарастырылады. Алаң иелерінің шабуылы кезінде доп қарсылас қақпасына кіреді. VAR эпизодты тексеріп, сызықтар сызылғаннан кейін шабуылшының иығы мен денесі қорғаушының аяғынан гөрі қақпа сызығына жақынырақ орналасқанын анықтайды.

Үлкейтілген суретте бұл жағдай анық көрінеді. VAR араласуынан кейін төреші дұрыс шешім қабылдап, ойыннан тыс қалуды тіркейді», –  делінген жазбада.

Еске сала кетейік, 14 маусым күні Семейде өткен матч кезінде бас төреші Арман Есмұратовты «Елімай» футбол клубының ойыншылары мен клуб басшылығы балағат сөздер айтты деп айып таққан болатын. Кейін Астана қаласының әкімшілік соты оны бес тәулікке қамау туралы шешім шығарды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары