Павлодарда түнде тыныштықты бұзған 5 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

/
Павлодарда түнде тыныштықты бұзған 5 мыңнан астам адам жауапқа тартылды
Polisia.kz

Павлодар облысының полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде түнгі уақытта тыныштықты бұзған 5 442 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мәселен, Павлодар қаласының тұрғыны пәтерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, түнгі тыныштықты бұзған. Жұмысқа беріліп кеткен ер адам уақыттың қалай өткенін байқамаған болуы керек. Көршілері сағат 23:30-да полицияға хабарласқан. Нәтижесінде тұрғынға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Полиция қызметкерлері тыныштық режимін бұзатын көршілермен мәселені шешудің алдымен өзара келісуден басталатынын еске салады. Егер ескертуге құлақ аспаса, полицияға хабарласуға болады.

"Заң мен тәртіп" қағидаты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған ішкі істер органдары қызметінің негізгі ұстанымы болып қала береді. Қоғамдық тәртіпті бұзған әрбір азамат заң алдында жауап береді.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары