Ақтауда теңізге шомылмақшы болған жасөспірім батып кете жаздады

/
Ақтауда теңізге шомылмақшы болған жасөспірім батып кете жаздады
ТЖМ

Ақтауда ТЖМ қызметкерлері Каспий теңізінде шомылып жүріп бата бастаған жасөспірімді құтқарып қалды. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін ол дәрігерлерге тапсырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Ақтау қаласындағы 7А шағынауданы маңындағы жағалауда болған.

ТЖМ мәліметінше, патрульдеу кезінде жедел-құтқару жасағының қызметкерлері суда қауіпті жағдайға тап болған 2009 жылы туған жасөспірімді байқап қалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім суға түсуге жабдықталмаған жерде шомылған және бата бастаған.

Оған екі құтқарушы мен жағалауда болған куәгер көмекке келген. Жедел әрекеттің арқасында жасөспірім дер кезінде судан шығарылды.

Құтқарылғаннан кейін ТЖМ қызметкерлері зардап шеккен жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Ведомство өкілдері суға тек арнайы жабдықталған орындарда түсу керегін ескертті. Сондай-ақ құтқарушылар ересектерді балаларды қараусыз қалдырмауға және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар