Аустралияда тұтас қала сатуға қойылды

/
Аустралияда тұтас қала сатуға қойылды

Австралияның Куладди қаласы 400 мың аустралия долларына сатуға шығарылды. Бұл сома көптеген қаладағы көптеген пәтер бағасынан арзан, деп хабарлайды turkystan.kz abc.net.au-ге сілтеме жасап.

Шағын елді мекенде қазір небәрі екі тұрғын ғана өмір сүреді. Қала тұрғындары Carol Yarrow мен Jo Cornel үш жыл бойы жергілікті бизнесті жүргізіп келгеннен кейін өңірден кетуге шешім қабылдаған.

Сатылымға тек тұрғын үй емес, тұтас инфрақұрылым қойылған. Жаңа иесіне төрт бөлмелі үймен бірге паб, дүкен, пошта бөлімшесі, кафе, мотель және кемпинг аймағы беріледі.

Куладди – өз пошталық индексі бар Австралиядағы ең кішкентай қалалардың бірі. Сондықтан болашақ иесі бір мезетте бірнеше қызметті қатар атқаруға дайын болуы керек. Атап айтқанда, ол пошта қызметкері, қонақүй иесі, сатушы әрі кафе басқарушысы болады.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, қазіргі иелері бұл орынды тек бизнес емес, ерекше өмір салты ретінде бағалайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары