Танымал қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов жаңа әскери шен алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Армия орталық спорт клубының Instagram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, клуб спортшысы, екі дүркін әлем чемпионы әрі Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосыновқа аға лейтенант әскери атағы берілген.
Сәкен Бибосынов – қазақ боксының танымал өкілдерінің бірі. Ол 2021 жылы Белградта және 2025 жылы Дубайда өткен әлем чемпионаттарында топ жарған. Сонымен қатар Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Токио Олимпиадасының қола медаль иегері.
Қазіргі уақытта спортшы әуесқой бокстағы мансабын жалғастырып қана қоймай, кәсіпқой рингте де бақ сынап жүр.