"Бір қабырға ғана бөліп тұрды": Айгүл Иманбаева күйеуімен қалай танысқаны туралы ашық айтты

/
"Бір қабырға ғана бөліп тұрды": Айгүл Иманбаева күйеуімен қалай танысқаны туралы ашық айтты
ашық дереккөзден

Танымал әнші Айгүл Иманбаева қазіргі күйеуі Ерланмен қалай танысқанын баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ерланның айтуынша, олардың алғашқы кездесуі екі жылдан астам уақыт бұрын Нью-Йорк қаласында болған. Ол кезде Жаңа жыл мерекесінің қарсаңы еді.

"Біз 2 жылдан астам уақыт бұрын Нью-Йоркта таныстық. Жаңа жыл қарсаңы болатын. Мен Нью-Йоркқа қызыммен бірге Рождествоны қарсы алуға, достарыммен кездесеуге келемін. Олар Айнура және Ума деген екі апалы-сіңілі. Олар бір-бірімен көрші тұрады. Біз қызым Аружан екеуміз Айнураның үйіне орналастық. Нью-Йорктағы әдемі жерлерді көруге бардық. Айгүл Уманың үйіне орналасқан. Бізді 1 қабырға ғана бөліп тұрса да бір-біріміз жайлы ештеңе білмедік. Тек 31 желтоқсан күні ғана кездестік", – деді Ерлан.

Айгүл Иманбаева бұл таныстықты жай ғана кездейсоқтық емес, тағдырдың жазуы деп қабылдайтынын айтты. Әншінің сөзінше, сол уақытта өзі Лондонда оқып жүрген. Нью-Йоркке ұлы және келінімен бірге келген.

"Мен ол кезде өзім Лондонда оқимын. Уманың үйіне ұлыммен және келініммен келдім. Ал Ерлан Лос-Анджелесте тұрады. Ал қызы Аружан Лондонда оқиды. Солай 1 апта бойы бір-бірімізбен көрші жатып, бір-бірімізді көрмейміз. Дәл 31 желтоқсан күні кездесеміз. Мен бұны тағдыр деп айтар едім. Алла Тағала әр адамның маңдайына тағдырын өлшеп сызып жазып береді дейді. Бізге кездесуді Нью-Йоркта бұйырған екен", – деді Айгүл Иманбаева.

Әншінің айтуынша, олар бір апта бойы көрші пәтерлерде тұрғанымен, бір-бірін көрмеген. Тек Жаңа жыл қарсаңында жүздесіп, таныстықтары басталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары