Арқалық қаласында сот жергілікті тұрғын, «Арайлы Арқалық» YouTube арнасының авторына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Еске салсақ, 35 жастағы блогердің ұсталғаны туралы ақпарат осы жылдың сәуір айында жарияланған болатын. Қостанай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, ол жедел-іздестіру шаралары барысында зорлау және жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасады деген күдікпен ұсталған.
Тергеу нұсқасына сәйкес, жәбірленушілердің кейбірі күдіктіден қарызға ақша алған. Қарызын қайтара алмаған жағдайда, ол олардан жақын қарым-қатынас талап еткен. Ал қарсылық білдірген жағдайда, олардың еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен деген күдік бар.
Қанат Әлімбаевқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша айып тағылды: 120-бап («Зорлау»), 123-бап («Жыныстық қатынасқа, еркекпен жыныстық қатынасқа, лесбияндық әрекеттерге немесе өзге де жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу») және 121-бап («Сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттері»).
22 мамыр күні Арқалық қалалық соты оны кінәлі деп танып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Іс бойынша егжей-тегжейлі мәліметтер жарияланбаған. Сот процесі жабық режимде өтті.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Қорғаушы тарап апелляциялық шағым түсірді.