Ақтауда жалаңаш ер адам көшеде шу шығарып, жұртты шошытты (ВИДЕО)

/
Ақтауда жалаңаш ер адам көшеде шу шығарып, жұртты шошытты (ВИДЕО)
shutterstock.com

Ақтауда қоғамдық орында киімсіз жүрген ер адам жұрттың назарын аударып, оқиға видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда толықтай жалаңаш ер адамның көшеде жүргені және кейін оны киім киген азаматтың ұстап тұрғаны көрінеді. Оқиға қала тұрғындары арасында қызу талқыланды.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жағдай 7 маусым күні таңертең Ақтаудың 39-шағын ауданында болған.

Полицияға таңғы сағат 05:30 шамасында қоғамдық орында киімсіз жүрген, тұрғындардың тыныштығын бұзған ер адам туралы хабарлама түскен.

"Тексеру нәтижесінде тәртіп бұзушыға қатысты бірнеше бап бойынша әкімшілік шаралар қабылданды. Ол тыныштықты бұзғаны, қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішкені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды", – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта жиналған материалдар сотқа жолданды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары