Ауғанстанда 80 жұп бірігіп үйлену тойын жасады

/
Ауғанстанда 80 жұп бірігіп үйлену тойын жасады
shutterstock.com

Ауғанстанда 80 жұп бір мезетте неке қиып, жаппай үйлену рәсімін өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

SWN мәліметінше, мұндай бастаманың негізгі мақсаты – қоғамда кең тараған қымбат той жасау дәстүрін азайтып, жастарға қаржылық тұрғыдан қолдау көрсету.

Шараны ұйымдастырушы Саид Гүл Ахмад Мотамеди соңғы жылдары Газниде осындай жаппай неке қию рәсімі 28 рет өткенін айтты. Бұл жолғы салтанатқа Газни, Бамиан және Дайкунди өңірлерінен 80 жұп қатысқан.

Жас жұбайлардың сөзінше, олар бұл бастамаға өз еркімен қосылған. Олардың мақсаты – отбасы құру жолында артық шығынға батпай, қарапайым әрі тиімді шешім қабылдау.

Жаңа тұрмыс құрған Хумайра тойды шағын әрі қарапайым форматта өткізу арқылы отбасына қаржылай салмақ түсірмеуді қалағанын жеткізді. Оның айтуынша, мұндай шаралар жастарға үлкен көмек болып, қоғамдағы қымбат тойларға деген көзқарасты өзгертуі мүмкін.

Ал күйеу жігіт Мехди бірнеше жыл бойы қаржылық қиындықтарға байланысты үйлене алмай жүргенін айтқан. Ол бүгінде көптеген жас той шығынының көптігінен некесін кейінге қалдыруға мәжбүр екенін атап өтті.

Соңғы жылдары Ауғанстанда тұрмыс деңгейінің төмендеуі мен кедейліктің артуы жастардың жаппай неке қию рәсімдерін жиі таңдауына себеп болып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар