Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасында ер адам дәрігерге шабуыл жасады

/
Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасында ер адам дәрігерге шабуыл жасады
Видеодан скриншот

Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде келушілердің бірі дәрігерге тап беріп, жағасынан алған. Оқиғаға қатысты полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды turkystan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның аурухана қызметкерлеріне сілтеме жасап хабарлауынша, балалар хирургі баланы қажетті тексеруден өткізіп, нәтижесін оның әкесіне байыппен түсіндірген. Оны ауруханаға жатқызуға негіз болмаған.

Порталдың жазуынша, кенет баланың әкесі дәрігерге тап берген, ал жанында тұрған бірнеше адам шабуыл жасаған азаматты әрең ажыратып алған.

Өңірлік полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар