Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына шықты

/
Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына шықты
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан "Ролан Гаррос" турнирінің финалына жолдама алу үшін бақ сынайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әйелдер арасындағы жұптық сында Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетіп жүр.

Ширек финалда Данилина мен Крунич Аустралия өкілі Эллен Перес пен Нидерланд теннисшісі Деми Схурстан басым түсті. Кездесу 6:2, 7:6 (8:6) есебімен аяқталды.

Жартылай финалда Данилина мен Крунич Жапониялық Суко Аояма мен Тайбэй өкілі Энь Шуо Лян жұбына қарсы ойнайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары