Италияда ұшақ тұрғын үйлердің маңына құлады

/
Италияда ұшақ тұрғын үйлердің маңына құлады
magnific.com

Италияда жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан ұшқыш қаза тапты. Тағы бір адам ауыр жарақат алды. Оқиға Бергамо қаласына жақын маңдағы Валбрембо ауданында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

The Sun басылымының жазуынша, Cessna 152 ұшағы оқу-жаттығу ұшуы кезінде кенеттен биіктігін жоғалта бастаған. Кейін әуе кемесі тұрғын үйлерге жақын жерге құлап, инфрақұрылым нысандарына тиіп өткен соң жерге соғылған.

26 жастағы нұсқаушы-ұшқыш оқиға орнында көз жұмды. Ал оның жанында болған 19 жастағы студент-ұшқыш ұшақ сынықтарының арасынан табылып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ күрт төмендеп, жердегі нысандарға соғылған. Соның салдарынан бір автокөлік пен үйлердің бірінің қоршауы зақымданған. Оқиға куәгерлерінің бірі зардап шеккендерге көмектеспек болғанымен, құтқарушылар келгенге дейін деформацияланған кабинаны аша алмаған.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа қозғалтқыштағы техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Дегенмен оқиғаның нақты мән-жайы әлі анықталып жатыр. Италияның авиациялық қызметтері тергеу бастады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары