Батыс Қазақстан тұрғыны алимент төлеуден жалтарып, 5 млн теңгені бәске тіккен

/
Батыс Қазақстан тұрғыны алимент төлеуден жалтарып, 5 млн теңгені бәске тіккен
istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы алимент бойынша берешегі бар тұлғалармен жүйелі түрде күрес жүргізуде, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру барысында алимент төлеуден жалтарып жүрген 6 борышкердің букмекерлік платформаларда бәс тіккені анықталды.

Мәселен, алимент бойынша 2,6 млн теңге берешегі бар борышкер 2 жыл ішінде шамамен 5 млн теңгеге бәс тігіп, 3 млн теңге көлемінде ұтыс алған.

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қабылданған жүйелі шаралардың нәтижесінде биыл 21 адам қылмыстық, 116 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар