Шымсити шағын ауданындағы Түркия көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде үй жиһаздары мен тұрмыстық заттар жанған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға орнына келген ТЖМ бөлімшелері дереу құтқару жұмыстарына кірісіп, баспалдақ маршымен 17 адамды, оның ішінде 13 баланы құтқарды.
Өрт 4 шаршы метр аумақта сөндірілді. Жалынның басқа бөлмелерге таралуына жол берілген жоқ.
Зардап шеккендер жоқ.