Атыраулық кәсіби футболшы Ұлттық ұланда қызмет етеді

/
Атыраулық кәсіби футболшы Ұлттық ұланда қызмет етеді
Фото: ұлттық ұлан

Атыраулық кәсіби футболшы Олег Фофонов футбол алаңын уақытша әскер қатарына ауыстырды.

Бүгінде ол Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінде мерзімді қызмет өткеруде.

Әскери қызметшінің өзі мойындағандай, спорт оған армия жүктемелері мен жауынгерлік міндеттерді сенімді атқаруға көп көмектесуде.

Олег бала кезінен бастап өмірін футболмен байланыстырғае. Алты жасында "Мұнайшы" стадионында "Арсенал" футбол клубында жаттығуды бастады. Спортпен айналысқан жылдары біршама жарыстарға қатысып, шеберлігін шыңдаған. Сол арқылы спортта ғана емес, әскерде де өте қажет қасиеттер — темірдей тәртіп, төзімділік пен жауапкершілікті бойына сіңірген.

Әскери қызметшінің айтуынша, азаматтық борышын өтеу туралы шешімді саналы түрде қабылдапты. Спорттық мансабына қарамастан, ол армия мектебін бітіріп, өмірлік тәжірибе жинауды өзінің азаматтық парызы санады.

Бүгінде қатардағы Фофоновтың өмірі жауынгерлік дайындыққа, саптық сабақтарға және қызметтік-жауынгерлік міндеттерге толы. Алайда, әскердің күнделікті жағдайында да Олег спорттық формасын сақтап қалады, футболмен байланысын жоғалтпай келеді.

— Әскер маған көп дүниені үйретті. Мұнда физикалық және психикалық жағынан нығая түстім. Спорт маған қызметке тезірек бейімделуге көмектесті, ал командирлерім өз кезегінде мінезімді одан әрі шыңдады. Қызметтен кейін мен футболға оралып, мансабымды жалғастыруды жоспарлап отырмын, - дейді Олег.

Қатардағы Фофоновтың жетістігі жас қазақстандықтардың спорттық жеңістерге деген ұмтылысын әскери борышты орындаумен табысты ұштастыруға болатынын дәлелдейді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары