Кітапханаға бірыңғай ақпараттық кеңістік қажет

/
Кітапханаға бірыңғай ақпараттық кеңістік қажет

Осы аптада Астанада мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Мәдениет және инновация» республикалық форумы өтті. Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 600-ге жуық мәдениет қызметкері, қазақстандық және шетелдік сарапшылар, бизнес қауымдастық өкілдері, креативті индустрия мен технологиялық компания мамандары жиналды. 

Форумның басты ерекшелігі – дәстүрлі оқыту үл­гісінен нақты жобалар әзірлеуге негізделген тә­жірибелік форматқа көшу. Алғашқы күні «Мә­де­ниет пен бизнес: серіктестер мен брендтерге қы­зықты жобаларды қалай жасауға болады?» та­қырыбында панельдік сессия өткізілді. Форумның екін­ші күні  Ұлттық академиялық кітапханада жал­ғасты. Күн тәртібінде кітапхана ісін құқықтық рет­теу, цифрлық трансформация, инновациялық даму және заманауи басқару модельдері кеңінен талқыланды. 

Жиын кітапхана директоры Күміс Сеитова­ның «Кітапхана және кітап баспа ісін құқықтық реттеудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы дә­рі­­­сімен басталды. Баяндамашы саладағы заң­намалық өзгерістерге, кітапхана және баспа ісін же­тілдіру бағыттарына тоқталып, әзірленіп жат­қан заң жобасы аясындағы негізгі басымдықтарды атап өтті. Сондай-ақ қабылдануы тиіс заңға қа­тыс­ты бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. 

– Кітапхана және кітап шығару ісі саласын­да­ғы қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқық­тық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдас­тыру­­­шылық негіздерін айқындайтын «Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» заң қабылдаудың маңы­зы зор. Еліміздегі кітапханалардың қызметін үйлестіру үшін біртұтас уәкілетті органды анық­тау, сонымен қатар сала ерекшеліктерін ескере отырып, тиісті салалық уәкілетті органдарға кітапханалардың жұмыс істеу тәртібін бекітуге ар­налған құзыреттерді беру керек. Барлық кітап­ханалардың түрлері мен типтерін жүйелеу, оларға сәй­кес нормативтерді әзірлеу және анықтау да ке­зек күттірмейтін мәселе. Заңда кітапхана қорын то­лықтыру, есепке алу, сақтау, пайдалану және тоз­ған қорларды есептен шығару ерекшеліктеріне ар­налған икемді негізгі құқықтық механизмдерді қарас­тыруымыз қажет. Сонымен қатар есепке алу, ка­талогизациялау, цифрландыру, сақтау және дерек­терді алмастыру форматтарының бірыңғай стандарттары әзірленіп, бекітілгені дұрыс. «Қа­зақ­стан Республикасының мемлекеттік кітапхана қо­ры» ұғымын заңға енгізу қарастырылса дейміз, – деді кітапхана директоры. 

Қатысушылар өзекті ұсыныстар айтып, бола­шақ жоспарлар нақтыланды.
Одан кейін кітапхана директорының орын­ба­сары Нұржан Жолдыбалинов «Metabiblioteka: бо­лашақ кітапхананың цифрлық экожүйесі» та­қы­рыбында баяндама жасап, кітапхана қызметін интеграцияланған цифрлық платформа арқылы дамыту, бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптас­тыру мәселелерін көтерді.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, әл-Фара­би атындағы ҚазҰУ доценті, Халықаралық ақ­параттандыру академиясының академигі Кәли­ма Туенбаева «Кітапхана 4.0: мәдениет, бизнес жә­не жасанды интеллект дәуіріндегі жаңа модель» тақы­рыбында сөз сөйлеп, кітапханалардың жаңа әлеуметтік-мәдени кеңістік ретіндегі рөліне тоқ­талды.
Сондай-ақ George Washington University жа­нын­дағы Central Asia Program түлегі Данияр Қос­на­заров «Кітапхана қызметін монетизациялау әдіс­тері: үздік тәжірибелер мен құралдар» тақыры­бында халықаралық тәжірибелерді таныстырып, кітапхана қызметін қаржыландыру механизмін әртараптандыру жолдарын ұсынды.

Форум жұмысына 130-дан астам кітапханашы­лар қатысты. Бағдарлама аясында фасилитация­лық форматта пікір алмасу ұйымдастырылып, жо­балар әзірлеу бойынша практикалық сессия өтті. Іс-шара соңында қатысушыларға сертифи­кат­тар табысталды.

А.ЖОЛДАСБЕК

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары