Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Алматыда мәдениет және өнер саласы өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында қызметкерлерге мемлекеттік және ведомстволық марапаттар, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамоталары, сондай-ақ Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының атынан Алғыс хаттар табысталды. Салтанатты жиында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов мәдениет саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар азаматқа мемлекеттік және ведомстволық марапаттарды табыстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шара барысында ол мәдениет пен өнер саласының қоғамның рухани дамуына зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

«Сіздер сахнада да, сахна сыртында да қалам мен қылқалам, музыка мен би, театр мен кино арқылы қоғамның рухани жаңғыруына, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өлшеусіз еңбек сіңіріп келесіздер. Мәдениет саласының дамуына қосқан үлестеріңіз үшін шынайы алғыс білдіремін», – деді ол.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мәдениет саласындағы елеулі еңбегі және ел алдындағы айрықша қызметі үшін Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің басшысы Райхан Сахыбекқызы Имаханбет «Құрмет» орденімен марапатталды. Сондай-ақ, «Алматы әуендері» шығармашылық бірлестігінің солисі Абзал Серғазыұлы Арықбаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Еңбек ардагері» медалімен келесі сала мамандары марапатталды:

Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің ғылыми қызметкері Шара Әбікенқызы Боздақова;

Қазақ мемлекеттік циркінің цирк нөмірлерінің жетекшісі Құрманғали Мұқашұлы Досбатыров;

«Дәуір» баспасының электромеханикалық цехының бастығы Жамал Камалұлы Момышов;

«Атамұра» баспасының жетекші редакторы Ирина Федоровна Самойлюк;

Мәдениет саласының ардагері Гүлнәр Құдабаева;

«Мектеп» баспасының кітап сату және тарату бөлімінің маманы Мәрзия Түсіпжанқызы Манабова;

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, әнші, термеші Бибажар Маханбетова.

Сонымен қатар «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен:

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы Архивтер және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Алмаз Қайырылбекұлы Сартаев;

«Алматы әуендері» концерттерді ұйымдастыру бөлімінің басшысы Меруерт Бақытжанқызы Мұхамеджанова;

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері Саттар Қожамбиұлы Ерубаев пен Оңдасын Иманғалиұлы Бесікбасов;

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультетінің профессоры Досбол Сүлейменұлы Байғұнаков;

«Алматы әуендері» сахнаның техникалық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Әділ Тұманбекұлы Теміржанов;

«Art Forum of Kazakhstan» халықаралық шығармашылық ұйымының сарапшылары, Ахмет Жұбанов атындағы республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқытушылары Гүлнәр Әнуарбекқызы Қасымова мен Дина Тұрлықожақызы Базарова марапатталды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның атынан бірқатар сала маманына Құрмет грамоталары табысталды. Атап айтқанда:

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының библиографы Айжан Бектенқызы Илгитаева;

«Дәуір» баспасының терім цехының басшысы Светлана Қасымқанқызы Мамытқанова;

Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қорларды сақтау және есепке алу бөлімінің қор сақтаушысы Алмас Сатыбалдыұлы Сейсекенов;

Мемлекеттік қуыршақ театрының артисі Гүлвира Жұмақанқызы Бейсембаева марапатталды.

Министрдің атынан Алғыс хатпен:

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының артисі Кенжегүл Ілиясқызы Жорабаева;

театрдың әдебиет бөлімінің маманы Ардақ Оразғалиұлы Беркімбаев;

«Алматы әуендері» шығармашылық бірлестігінің «AlJazz Symphony» эстрадалық-симфониялық оркестрінің аспапшы-артисі Сергей Викторович Голивец марапатталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары