Танымал тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қыз бала тәрбиесіне қатысты ойын бөлісіп, оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Журналист қыз баланың тәрбиесі мен болмысы ерекше назарды қажет ететінін айтып, ағасының қызы Марияммен бірге өткізген екі күн ішінде оған тым көп ақыл айтып қойғанын жеткізген.
Сондай-ақ ол қыз тәрбиесіне келгенде өзіне жоғары талап қоятынын жасырмады.
«Қыз баланың болмысы да, тәрбиесі де бөлек. Кейде тым қатал болып кететін сияқтымын. Қыздарыңызды қалай жазалайсыздар?» – деп жазды ол желідегі парақшасында.