Сауд Арабиясының «Аль-Наср» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду биыл АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионатына Португалия құрамасынан атынан қатысуға шақырту алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
41 жастағы футболшы ұлттық команданың соңғы құрамына енді.
Бұл – Роналду үшін мансабындағы алтыншы әлем чемпионаты болмақ. Ол алғаш рет 2006 жылы Германияда өткен әлем біріншілігіне қатысқан.
Роналду ұлттық құрама сапында соққан голдар саны бойынша әлемдік рекорд иесі. Ол 226 матчта 143 гол соққан.
Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатында K тобында ДР Конго, Өзбекстан және Колумбия командаларымен кездеседі.