«Неге жанталасамыз?»: әнші Қыдырәлі Болманов ауруханаға түскенін айтты (ВИДЕО)

/
«Неге жанталасамыз?»: әнші Қыдырәлі Болманов ауруханаға түскенін айтты (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Танымал әнші Қыдырәлі Болманов Алматыдағы концертінің не себепті кейінге шегерілгенін түсіндірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында концерттің ауысуына бірнеше себеп болғанын айтты.

«Ару қала Алматыдағы концертті ауыстыруға көнбеген себептің бірі – аншлаг, үш жарым мыңға жуық біз үшін жиналған көрермен. Екінші себеп – басқа күндерге екі-үш ай көлемінде Республика сарайы бос емес екен.

Бірақ өмір бойы шапқылап, екі аяғымен жүрген адамға креслода отырып, қозғалмай сахнада ел алдында ән айту өте ыңғайсыз, тым күрделі әрі қиын екен.

Сіз де, біз де темірден жаралған жоқпыз және әрқашан намысты, ұятты алға тартамыз да, Алланың аманатқа берген денсаулығын бәрінен кейінге, артқа ысыра саламыз ғой көп жағдайда.

Ең басты себеп – дәрігерлерімнің рұқсат етпеуі. Бір ауыз сөз. Неге жанталасамыз?

Бүгін 18 мамыр. Тура бір айдан соң, 18 маусымда, “Қақатынымның” 25 жылдығында Қыдырдың “улучшенная версиясы” болып тұрамын бұйыртса!

Қадірменді көрерменнің алдында екі аяғымды тең басып, екі аяғымнан тік тұрып, сіздерге қызмет етеміз, Алла қаласа!» – деп жазды әнші.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар