«Әйеліңізді көрінген еркек құшақтаса ұнай ма?»: әнші Алтынай Жорабаева тойда ескерту жасады (ВИДЕО)

/
«Әйеліңізді көрінген еркек құшақтаса ұнай ма?»: әнші Алтынай Жорабаева тойда ескерту жасады (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде танымал әнші Алтынай Жорабаеваның тойлардың бірінде айтқан видеосы тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кадрдан әншінің өзімен суретке түсуге келген ер адамдардың құшақтап жатқанына наразы екенін байқауға болады.

«Әрқайсыңыз келіп құшақтай бересіздер. Құшақтамай да суретке түсуге болады ғой. Еркектердің әрқайсысы келіп мені құшақтайды. Сіздердің әйелдеріңізді көрінген еркек осылай құшақтай берсе, ұнай ма? Айтып тұрғаным дұрыс па?», дейді әнші тойда өзімен суретке түскен ер адамдарға.

Видео желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары