Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева бала мәселесіне қатысты ойын ашық айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі бұл туралы Аман Тасыған жүргізетін сұхбатта айтты. Әңгіме барысында жүргізуші Баян Мақсатқызы суррогат ананың көмегімен ана атанғанын тілге тиек еткен.
Айгүл Иманбаеваның айтуынша, жолдасы бұл мәселеге сабырмен қарайды.
"Баян маған "әлі жүрсің бе" деп ұрысады. Менде жоспар бар. Енді күйеуімнің менталитеті, көзқарасы мүлдем басқа. Ол үшін екеуміз бірге болсақ болды. Үйленген соң "бала, бала" деп жанталасып жүрген ол жоқ. "Бала болса, қуанамын. Болмаса, екеуміздің өміріміз баласыз да әдемі, жақсы ғой" дейді. Бәрі Жаратқанның қолында. Беріп жатса, ол да, мен де қуанатынымыз анық. Егер болмаса, біздің кейбір жігіттеріміз сияқты байбаламға салмайтыны анық", – деді актриса.