45 жастағы ер адам неге үйленбегенін сұрай берген көршісін ұрып өлтірді

/
45 жастағы ер адам неге үйленбегенін сұрай берген көршісін ұрып өлтірді
ашық дереккөзден

Индонезияның Суматра аралында 45 жастағы Сирегар Парлиндунган 60 жастағы көршісі, зейнеттегі шенеунік Ирианто Асгимге шабуыл жасап, өлімші етіп сабаған, деп turkystan.kz тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 2024 жылдың 29 шілдесінде кешкі сағат 20:00 шамасында болған. Мәліметке сүйенсек, Сирегар Парлиндунган қолына бөрене алып, көршісінің үйіне барған. Ол ешқандай түсініктеме берместен Ириантоға тап берген.

Ирианто үйден қашып шыққанымен, күдікті оның артынан қуып жетіп, басынан бірнеше рет соққы жасаған. Ер адам есінен танып қалған. Оқиғаға куә болған тұрғындар төбелесті тоқтатып, зардап шегушіні ауруханаға жеткізбек болған. Алайда ол жолда көз жұмған.

Полиция күдіктіні шамамен бір сағаттан кейін ұстады. Тергеу кезінде ол көршісіне не себепті шабуыл жасағанын айтқан. Оның сөзінше, марқұм оның үйленбегенін жиі әжуалап, "қашан әйел аласың?" деп қайта-қайта сұрай берген.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, екі көршінің арасында бұған дейін де келіспеушіліктер болған. Екеуі де тауық ұстаған, ал құстары кейде бір-бірінің ауласына кіріп кетіп, осы жағдай жиі дау тудырған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары