Рэпер De Lacure төңірегіндегі дау: Алматы полициясы мәлімдеме жасады

/
Рэпер De Lacure төңірегіндегі дау: Алматы полициясы мәлімдеме жасады
Видеодан скриншот

Қоғамда резонанс тудырған қазақстандық рэпердің мәлімдемесінен кейін Алматы полициясы тексеру жүргізді. 

Тергеуге оның ойын-сауық бағдарламада айтқан әңгімесі себеп болды. Бұл шығарылымы эфирге шықпаған. Алайда түсірілімге қатысқандардың айтуынша, De Lacure сахналық есімімен танымал рэпер Әнуар Баймұхаев әйел адамға жасалған зорлық-зомбылық туралы баяндаған. Осыдан кейін жұртшылық музыкант пен оның достарының іс-әрекетіне құқықтық баға беруді талап етті.

Кейін рэпер бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, бұл оқиғада оның тарапынан да, досының тарапынан да ешқандай зорлық-зомбылық әрекеттері болмағанын мәлімдеді.

Әлеуметтік желідегі наразылықтан кейін Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізді. Түсініктеме беру үшін ол полиция басқармасына шақыртылды.

– Тексеру барысында ол өзі баяндаған оқиғаның әлеуметтік желілерде бұрмаланып жеткенін, ал зорлық-зомбылық фактілері мүлдем болмағанын айтты. Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық дерегін растайтын объективті мәліметтер анықталған жоқ, - деп хабарлады департаменттен.

Қазір Әнуар Баймұхаевқа қатысты тексеру аяқталды. Алматы полициясы азаматтарды жалған ақпарат таратудан аулақ болуға шақырды. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары