«Қарапайымдылықты ұмытпау керек»: Қызметкерлеріне пәтер сыйлаған Тұрсын Алагөзов тосын жазба жариялады (ВИДЕО)

/
«Қарапайымдылықты ұмытпау керек»: Қызметкерлеріне пәтер сыйлаған Тұрсын Алагөзов тосын жазба жариялады (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов әлеуметтік желіде қарапайымдылық пен кішіпейілділік туралы ой қозғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол адам қандай биікке көтерілсе де, қарапайым болуды ұмытпау керегін атап өтті. Кәсіпкердің айтуынша, шынайы биіктік мансапта емес, адамның мінезінде көрінеді.

«Адам қанша биікке көтерілсе де, қарапайымдылықты ұмытпауы керек. Өйткені шынайы биіктік мансапта емес, мінезде. Қарапайым болып қалу – нағыз күш, ал кішіпейілділік адамды адам ететін ең үлкен қасиет», – деп жазды ол.

Айта кетейік, кеше Тұрсын Алагөзов зауыт қызметкерлеріне 50 пәтер сыйға бергенін жазған болатынбыз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар