Қазақстандық әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде Түркиядағы өмірі туралы әсерімен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі Ыстанбұлда уақытын қалай өткізіп жүргенін айтып, қазіргі таңда ешқайда асықпай, тыныш өмір салтын ұстанып жүргенін жеткізді.
«Ыстанбұлда не істеп жүрміз? Ештеңе. Шынымен ештеңе істемейміз. Тек демалып жүрміз. Кейде күйеуім ән жазады. Біз ешқайда асықпаймыз, ешкіммен сөзге келмейміз, ешкімге кедергі келтірмейміз. Өз өміріңмен өмір сүру – бақыт. Аллаға шүкір», – деп жазды әнші.