Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың WBA Asia тұжырымы бойынша титул үшін өтетін жекпе-жегінің мерзімі белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстандық спортшының қарсыласы бұған дейін бірде-бір рет жеңілмеген индонезиялық Сурия Дхарма болмақ. Жекпе-жек 23 мамырға жоспарланған.
Кездесу Бішкек қаласындағы "Газпром" спорт кешенінің аренасында өтеді. Бұл айқаста WBA Asia нұсқасы бойынша чемпиондық белбеу сарапқа салынады.
Айта кетейік, бұған дейін бұл жекпе-жек 17 сәуірге белгіленген болатын, алайда оны өткізу мүмкін болмады. Кейін жапондық промоушен Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты кездесудің кейінге шегерілгенін хабарлаған.
Еске салсақ, Сәкен Бибосынов кәсіби бокстағы дебютін 2025 жылдың 20 шілдесінде Бішкекте өткізіп, филиппиндік Кристиан Леганені бірінші раундта нокаутпен жеңген еді.