Семейде ұландықтар жоғалып кеткен баланы ата-анасына қайтаруға көмектесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
28 сәуірде қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқару барысында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5511 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонының жеке құрамы штаттық режимде қызмет атқарды. Сағат 18:50 шамасында Герцен көшесінде әскери жасақ бастығы қатардағы Елжас Жұмабекұлы мен патрульшілер жол жиегінде ересектерсіз тұрған жеті жасар баланы байқады.
Әскери қызметшілер баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оны қауіпсіз жерге шығарады. Сондай-ақ, жеке деректері мен ата-анасының орналасқан жерін анықтауға тырысты. Алайда бала қажетті ақпаратты бере алмады.
Мән-жайды әрі талқылау үшін бала учаскелік полиция пунктіне жеткізіліп, сақшылар оның ата-анасын іздеуге кіріскен. Олар келгенге дейін ұландықтар баланы тыныштандырып, көңілін аулаған.
Аз уақыт ішінде жақындары анықталып, бала аман-есен ата-анасына табысталды.