«Дұшпаныма да тілемес едім»: Белгілі тарихшы Мұхтар Шахановтың тағдыры туралы айтты

/
«Дұшпаныма да тілемес едім»: Белгілі тарихшы Мұхтар Шахановтың тағдыры туралы айтты
Коллаж: turkystan.kz

Тарихшы, қоғам белсендісі Жұмамұрат Шәмші ақын Мұхтар Шахановтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол Qasqa Jol YouTube арнасына берген сұхбатында Мұхтар Шахановтың тағдыры күрделі болғанын айтып, марқұмның өмір жолын ешкімге тілемейтінін жеткізді.

«Құдай Мұхтар Шахановқа үйіп-төгіп бақ та, сор да берген. Ол кісінің өмір жолын сырттай көп адам білгенімен, қасында жүрген адам ретінде айтарым – ондай тағдырды дұшпаныма да тілемес едім. Туғаннан соңғы демі шыққанша бүкіл өмірі арпалыспен өтті», – деді ол.

Сондай-ақ Жұмамұрат Шәмші ақынның жерлеу рәсімі де түрлі талқылаумен өткенін атап өтті.

«Басында Кеңсайда жерлейтін болды. Кейін Отырарға қоятын болды. Өмір жолы қандай болса, жерлеуі де сондай айқай-шумен өтті», – деді қоғам белсендісі.

Сонымен қатар ол Мұхтар Шахановтың шығармашылығына жоғары баға беріп, поэзиясына тәнті екенін жасырмады.

«Мұқаңның поэзиясына ғашықпын. Ешкімге ұқсамайтын өз жолы бар. Оны мойындау керек. Шығармашылығына сөз жоқ, өлеңдері інжу-маржан. Бірақ ол да пенде, кемшіліксіз адам болмайды», – деді Жұмамұрат Шәмші.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар