Жылқыға тамақ бермек болған әйел саусағынан айырылып қала жазды

/
Жылқыға тамақ бермек болған әйел саусағынан айырылып қала жазды
depositphotos.com

Солтүстік Қазақстан облысында ипподромда әйелдің саусағын жылқы тістеп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 26 сәуір күні әйел көпбейінді қалалық аурухананың травматологиялық бөліміне жеткізілген. Ол сол қолының екі саусағында ауырсыну барын айтып шағымданған. Ауырсыну жылқы тістегеннен кейін пайда болған.

Науқастың жалпы жағдайы түскен кезде қанағаттанарлық деп бағаланған. Тексеру барысында сол қолында жарақаттар анықталған.

Дәрігерлер науқасқа жергілікті жансыздандыру арқылы жараға алғашқы хирургиялық шара жүргізген. Сонымен қатар сіреспеге қарсы профилактика жасалып, гипстік лонгета мен жұмсақ таңғыш салынған. Қазіргі таңда науқас амбулаториялық ем алуға жіберілген.

Ал облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Бескөл ауылындағы ипподромда болған бұл оқиға бойынша тексеріс жүргізілген. Анықталғандай, әйел жылқыны тамақтандыру кезінде қолынан жарақат алған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары