Ұлытау облысында 10 мыңға жуық азаматтың құқығы тапталған

/
Ұлытау облысында 10 мыңға жуық азаматтың құқығы тапталған
istockphoto.com

Ұлытау облысының прокурорлары 9 727 азаматтың конституциялық құқықтарын қорғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, Жаңаарқа ауданындағы «Жаңаарқа жылу» коммуналдық кәсіпорнында 115 қызметкерге қатысты зейнетақы және әлеуметтік аударымдар жүргізілмеген.

Жезқазған қаласында 5 954 мүгедектігі бар адамға мемлекеттік органдардың қажетті құжаттары рәсімделмеген, бұл аталған санаттағы азаматтардың кемсітушілікке ұшырауына әкелген.

Анықталған бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, заңбұзушылықтар жойылды, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары