Астанада қоғамдық көлік қозғалысының сызбасы уақытша өзгертілді. №8 және №54 автобустар уақытша басқа жолмен жүреді, деп хабарлайды turkystan.kz.
CTS компаниясының мәліметінше, өзгерістер жол және инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізілуіне байланысты енгізілген. Бұл түзетулер автобустардың үйреншікті қозғалыс бағыттарына әсер етті.
Жолаушыларға кешігулерді болдырмау үшін сапарларын алдын ала жоспарлап, жаңартылған бағыттарды ескеруге кеңес беріледі.
Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау сұралады.