Боксшы Жанқош Тұраров қуанышты жаңалығын бөлісті

/
Боксшы Жанқош Тұраров қуанышты жаңалығын бөлісті
Әлеуметтік желіден

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Белгілі спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа туған қызының фотосуреттерін жариялап, қуанышын оқырмандарымен бөліскен.

«Қызымды өзім босандырып алып, бірден АҚШқа жолға шығып кеткен едім, қайта көруге әрең жеттім. Нәрестенің иісін жәннәттың жұпар иісіне теңейтіндей-ақ бар ғой шіркін, иісіне тоймайсың. Алла қаласа қырқынан да шығатын күн алыс емес. Алланың берген ең үлкен хадиясы, көз қуаныштарым - қыздарым. Аңсап жүрген барша отбасыға дәл осындай теңдесі жоқ бақыт жұғысты болсын!», – деп жазды боксшы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары