Денсаулығы сыр беріп , ота жасатуға мәжбүр болған танымал актер Азамат Сатыбалды қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі осы күндері жанашырлық танытып, тілек білдірген барша адамға ризашылығын жеткізді.
«Баршаңызға үлкен рақмет! Қиын сәтте қолдау білдіріп, жылы тілектеріңізді жолдағандарыңыз маған күш берді. Қазір жағдайым жақсы, үйге оралдым. Алдағы уақытта толық сауығып, жұмысқа қайта кірісемін деп сенемін», – деп жазды актер.