Болатбек Сейілхан жағажай Азиадасында джиу-джитсудан қола жүлде иеленді

/
Болатбек Сейілхан жағажай Азиадасында джиу-джитсудан қола жүлде иеленді
olympic.kz

Қазақстандық джитсер Болатбек Сейілхан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан жағажайдағы Азия ойындарында үшінші орын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жерлесіміз 77 келіге дейінгі салмақта қола медаль алды.

Болатбек Сейілхан қола медаль үшін өткен белдесуде сингапурлық Пол Тянь Чжи Лиммен кездесті. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша ұлттық құрама қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін Нұржан Батырбеков (69 келіге дейін) алтыннан алқа тақты. Ал Батыр Теңізбай (62 келіге дейін) және Әлинұр Қуатұлы қола медаль алған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары