Қазақстанның 26 қаласынан және шетелден 4500-ден астам адам Астанада өтетін аутизмі бар балаларды және менталдық денсаулықты қолдауға арналған қайырымдылық Run for Autism жүгіруіне тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
26 сәуір күні Астана ботаникалық бағында өтетін төртінші қайырымдылық Run for Autism жүгіру жарысы өтеді. Жарыс Аутизм туралы ақпарат таратудың дүниежүзілік айына орай ұйымдастырылады. Іс-шараның мақсаты – аутизм туралы қоғамның хабардарлығын арттыру және менталдық ерекшеліктері бар адамдарды қолдау. Жиналған қаражат аутизмі және басқа да даму ерекшеліктері бар жасөспірімдер мен ересектерді кәсіби оқытуға бағытталады.
Іс-шара ұйымдастырушысы – Bolashak Charity қоғамдық қоры. Қор 15 жылдан бері Қазақстанда инклюзивті білім беруді жүйелі түрде дамытып келеді. Қор жобаларының арқасында мыңдаған бала білім мен кәсіби қолдауға қол жеткізді.
Жүгіру келесі қашықтықтар бойынша өтеді: 1 км, 2,5 км, 5 км, 10 км. Жарысқа Қазақстанның Актобе, Ақтау, Алматы, Астана, Атбасар, Атырау, Аягөз, Балқаш, Ерейментау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Степногорск, Талдықорған, Тараз, Теміртау, Түркістан, Орал, Өскемен, Шахтинск, Шымкент, Екібастұз қалаларынан қатысушылар келеді. Сонымен қатар Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург және Якутск қалаларынан қатысушылар бар. Онлайн жүгіруге Қазақстанның 30 қаласынан, сондай-ақ Ұлыбритания мен Ресейден 142 адам тіркелді. Жүгіруге аутизм, Даун синдромы, церебралды сал ауруы бар адамдар, есту қабілеті бұзылған спортшылар, тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар және басқа да ерекшеліктері бар 100-ден астам адам қатысады.
Бағдарламада: түрлі қашықтыққа жүгіру, аутизмі және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға арналған спорттық-ойын эстафетасы, сондай-ақ серіктестерден сыйлықтар ойнатылады. Жүлде қорында 20-дан астам сыйлық бар, олардың ішінде: Грузияға екі адамға жолдама, 1 тонна жанармай, смартфон, бес жұлдызды қонақүйлерге сертификаттар, бір айлық кофе қоры, бір жылдық мұздатылған йогурт қоры, тау велосипеді және басқа да сыйлықтар бар.

Run for Autism – аутизмі бар адамдарды қолдауға арналған халықаралық қайырымдылық спорттық қозғалыстың бір бөлігі. Аталмыш шара Нью-Йорк, Лондон, Берлин, Дублин және басқа әлемнің өзге де ірі мегаполистерінде өтеді. Қазақстанда жоба 2023 жылдан бері өткізіліп келеді және кәсіби спортшыларды, ерекше балалар мен жасөспірімдерді, олардың отбасыларын, мүгедектігі бар азаматтарды және бейжай қарамайтын тұрғындарды біріктіретін елдегі басты инклюзивті қайырымдылық жүгіруіне айналды.
Іс-шараны 70-тен астам демеуші мен серіктес қолдады. Олардың қатарында: Астана қаласы әкімдігі, «NAK» құрылыс холдингі, ALSTOM, TechnoGym компаниялары, «Село Лесное» сауда белгісі, KAZZINC, Dandelion, Garden, «Курочка Ряба», Ozen, MYD Production, Drinkit Coffee, G-Life, Qazaq Oil, TUMI, Fix Price, SARQYT, Y Cosmetology, VEOLES, Арзан ALEM e-commerce Turan Water, A-Event, INTERTOP, Rixos Borovoe, NAVAT чайхана, Abyroi, iSpace, AI Trust Clinic, Chaplin Cinemas, FlyArystan, Summer Love Frozen Yogurt, Мясная лавка FARШ/Бургерная, QAZAQ ATHLETICS, Cheese Show, Digital Boards, LIFTMEDIA, ТРЦ Keruen, 5G Kcell Activ, ARGYMAQ, Hilton Astana, ASTANA PRODUCTION, Marwin, Sundar Yoga, «Орловские бани», ANTA, Ailand, IT-компания Digital Bords, My Start, Mustafin Magazine, ASTANA TV, Love Radio Qazaqstan, Codus Media, Aitmedia, Proreklama және басқа да ұйымдар бар. Ақпараттық серіктестер: «Хабар» Агенттігі» АҚ, «Euronews», «Qazsport», «Astana TV», «Almaty TV» телеарналары, «AMANAT MEDIA GROUP» медиа холдингi, «Mustafin Magazine», «Aitmedia», «Smartnews», «InfoTimes», «Kaztourism.media» сайттары.