«Мен кінәлімін»: әнші Сәкен Қалымов өткен өмірі туралы ашық айтты (ВИДЕО)

/
«Мен кінәлімін»: әнші Сәкен Қалымов өткен өмірі туралы ашық айтты (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Әнші Сәкен Қалымов өткен өміріне өкініш білдіріп, отбасын сақтай алмағанына өкінетінін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі сұхбат барысында жастық шағында ішімдікке салынып, отбасының қадірін түсінбей қалғанын жасырмады. Оның сөзінше, дәл сол кезеңдегі өмір салты жеке өміріне кері әсер еткен.

«Өмір өзі сүріну мен қайта түзелуден тұрады. Біздің кезімізде уақыт басқаша болды. Қолымызда стакан жүрді. Ішкілікте, серілікте жүрдік. Құдайдың қосқан жарының, отбасының қадірін білмедік. Сондай өкініштерім бар. Ал өнерге деген өкініш жоқ. Жарымның, баламның қадірін білмей, ажырасқаныма өкінемін», — деді әнші.

Сәкен Қалымов бүгінде тура жолға түсіп, құлшылық жасап жүргенін айтып, өткен қателіктерін мойындау күштілік екенін жеткізді.

«Қазір тура жолда, құлшылықта, намазда жүргеннен кейін Алланың сынағы деймін. Тағдырыма шүкір етемін. Мен бәрін мойындап отырмын. Бұл — күштілік. Қателігіңді мойындау, оны айту — ерлік», — деді ол.

Сонымен қатар, әнші тұңғыш ұлымен араласпайтынын да жасырмады.

«Өкінішке қарай, әзірге ортамызда мүлдем байланыс жоқ. Түсінемін, өкпелемеймін. Дұғадамын, бір жолықсақ кешірім сұрап, көңілдерін тапсам деп жүрмін. Бірінші келіншегімнен ұлым бар, екінші әйелімнен қызым бар. Қызыммен араласамын», — деді Сәкен Қалымов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары