"Күйеуімнің басына барып жиі жылаймын": Роза Рымбаева жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

/
"Күйеуімнің басына барып жиі жылаймын": Роза Рымбаева жан сырын ақтарды (ВИДЕО)
YouTube/ Dinara Satzhan. Суретте: Роза Рымбаева мен Тасқын Оқапов

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева жеке өміріне қатысты әсерлі ойын бөлісті, деп turkystan.kz тілшісі Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі "Соңғы рет қашан жыладыңыз?" деген сұраққа шынайы жауап беріп, сезімін жасырмады. 

"Мен өте жиі жылаймын. Сахнада образға кіріп те жылаймын, күйеуімнің басына барып та жылап аламын. Ұмітілмайтын өзімнің жан-жарымсыз бүгін Роза Рымбаева болып тұрар ма едім? Қалай сағынбаймын? Оның деңгейіне жеткен, сол сияқты дәрежесі жоғары адамды мен кездестірмедім, іздемедім де. Күйеуімді ешкім алмастыра алмайды. Ол мәңгі жүрегімде", – деді әнші.

Желі қолданушылары әншінің сөздеріне бейжай қарамай, қолдау білдіріп жатыр. Оқырмандар оны парасатты тұлға, ұрпаққа үлгі боларлық жан ретінде атап, жылы тілектерін жолдауда.

Бұған дейін Роза Рымбаева өзінің көпшілікке беймәлім болған жеке өміріндегі оқиғасын айтып берген еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары