Танымал файтер Шавкат Рахмоновтың жұбайы әлеуметтік желіде қайынсіңілісі Сора Рахмоноваға қарата жазба жариялап, көпшіліктің назарын аудартты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Желіде тараған стористе ол эмоцияға беріліп, қыздарының видеосына қатысты нақты талап қойған. Оның айтуынша, жеке отбасыға қатысты материалдардың жариялануы орынсыз.
"@sora_rakhmonova қызымның видеосын өшір страницаңдағы! Бәрін жабылып балаларымды әкесіз қалдырып енді типа жақсы көріп қалдыңдар ма? Аулақ жүріңдер максимально бізден", – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Гүлайым Рахмонова бұрынғы күйеуі, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновпен ажырасуға себеп болған мәселелерді ашық айтып, белгілі журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берген еді.