Астанада ән кешін өткізген ресейлік әнші Леонид Агутин Батырхан Шүкеновтың зиратына барды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі концерттен кейін Батырхан Шүкеновке арнап гүл шоқтарын қойғанын көрсетті.
"Сәлем, қымбатты досым! Қазір орныңның қалай ойсырап тұрғанын білсең ғой! Даналығың, мейірімділігің және айрықша музыкалық талантың жетіспейді.
Кеше Астана өткен концертте жиналған мына барлық гүл – көрерменнің, бәріміздің саған деген ықыласымыздың белгісі.
Саған мың алғыс!
Сені жақсы көреміз және әрдайым есімізде сақтаймыз", – деп жазды Леонид Агутин.