«Әйеліне ұсталып қалды»: Киноға бөтен қызбен барған актер келеңсіз жағдайға тап болды (ВИДЕО)

/
«Әйеліне ұсталып қалды»: Киноға бөтен қызбен барған актер келеңсіз жағдайға тап болды (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Танымал актер Алишер Бокунов кинотеатрда келеңсіз жағдайға тап болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода актердің бөтен қызбен фильм көруге барған сәтінде жұбайына ұсталып қалғаны көрсетілген. Бұл жағдай желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

Бейнежазбада ашуға булыққан әйелі күйеуіне:

"Сен мұнда не істеп жүрсің? Жұмыстамын деп едің ғой! Мен сенің әйеліңмін. Жұмыстас қызбен киноға осылай гүл ұстап келесің бе? Адамдар қараса қарай берсін. Мен сенен бес жыл гүл алмадым", – дейді.

Ал актер болса не істерін білмей, жұбайын сабырға шақыруға тырысқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары