Астанада өрт салдарынан қаза тапқан үш бала жер қойнына тапсырылды. Бұл туралы бапкер Берік Адам әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол марқұмдардың бірі – Айзеренің өз тәрбиеленушісі болғанын айтып, отбасының қайғысына ортақтасты.
«Үш баланың үлкені – Айзеренің ЛФК жаттықтырушысы болдым. Отағасы Қабылқазы бауырымызға және барша жақындарына Алла сабырлық берсін. Жанаргүл ханымға Алла шипасын берсін. Біз үшін орны толмас ауыр қайғы. Балалардың топырақтары торқа болсын», – деп жазды ол.