Қостанай облысының мемлекеттік қызметшілері «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында кітап оқу мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетті. Өңірде жобаға 400-ден астам өтінім тіркеліп, финалдық кезеңге үздік 75 қатысушы жолдама алды. Жоба ережесіне сәйкес, қатысушылар қыркүйектен наурызға дейін 15 кітаптан оқып шықты. Оқу кезеңі мен тестілеуден кейін финалистер 60 сұрақтан тұратын қорытынды квизде үш адамнан құралған командалармен бақ сынасты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Облыстық кезеңге қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, түрлі деңгейдегі әкімдіктердің бөлім басшылары мен мамандары, сондай-ақ департаменттер мен басқармалар өкілдері қатысты.
Қорытынды нәтижелер:
Қазақ лигасы
1-орын – Қостанай қаласының командасы
Ардақ Құрмашұлы Бегатаров – Қостанай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары
Бағила Нұралиқызы Ибрагимова – Қостанай облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беруді дамыту бөлімінің басшысы
Әсел Жұмағалиқызы Құлмағамбет – Қостанай облысы қоғамдық даму басқармасының саяси жұмыс бөлімінің басшысы
2-орын – Амангелді ауданы мен облыс орталығының құрама командасы
Нұрболат Болатұлы Биахмет – Амангелді ауданы Үрпек ауылдық округінің бас маманы
Жанар Ахметханқызы Есімсейітова – Амангелді ауданы Қарасу ауылдық округі әкімдігі аппаратының бас маманы
Гауһар Маратқызы Шакирова – Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маман-бухгалтері
3-орын – Жангелдин ауданының командасы
Абай Қасымұлы Қасым – Жангелдин ауданы білім бөлімінің басшысы
Бақыткүл Шырдақызы Сейдахметова – Жангелдин ауданы білім бөлімінің бас маманы
Алуа Тұрсынғалиқызы Раисова – Жангелдин ауданы білім бөлімінің сектор меңгерушісі
Орыс лигасы
1-орын – Федоров ауданының командасы
Елена Васильевна Авдеенко – Федоров ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімінің басшысы
Динара Абдыкаримқызы Бектыбаева – Федоров ауданы білім бөлімінің басшысы
Рүстем Дегенбайұлы Баймурзин – Федоров ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
⠀2-орын – Қостанай қаласының командасы
Айдана Ғабитқызы Джакашева – Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы
Гүлзат Ғалымбекқызы Мустафина – Қостанай облысы полиция департаменті штабының талдау, жоспарлау және бақылау бөлімінің басшысы
Жұмагүл Дощанқызы Воронкова – Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маман-бухгалтері
3-орын – Қарасу ауданының командасы
Регина Дамирқызы Богомазова – Қарасу ауданы білім бөлімінің құжаттамалық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі
Мұрат Қалбайұлы Саутпаев – Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
Гүлзат Қайратқызы Сидахметова – Қарасу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы

Квиз қорытындысы бойынша жеңімпаздар «Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысу туралы өз пікірлерін бөлісті.
Гүлзат Қайратқызы Сидахметова, Қарасу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы:
«Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» байқауына қатысу біз үшін үлкен тәжірибе әрі ерекше рухани серпіліс болды. Бұл жоба тек жарыс қана емес, кітапқа деген қызығушылықты арттырып, ауданымызда оқу мәдениетін нығайтуға үлкен үлес қосуда.»
Жанар Есімсейтова, Амангелді ауданы Қарасу ауылдық округі әкімдігінің бас маманы:
«Кітап оқитын ұлт – өте қажет бастама. Алғашында тапсырма ретінде оқыдым, кейін қызығушылықпен жалғастырып, рухани азық алдым. Қаласаң, күн сайын кітап оқуға уақыт табуға болады. Финалда командалық жұмыс ерекше әсер қалдырды. Осындай жобалар еліміздің болашағы үшін жалғасуы тиіс».
Мұрат Саутпаев, Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы: «Бұл жобаға қатысу – маңызды әрі пайдалы тәжірибе. Кітап оқу кәсіби дамуға тікелей әсер етеді. Дайындық барысында тәртіп пен уақытты талап етті, бірақ өте қызықты өтті. Әріптестермен пікір алмасу ерекше құнды болды».
Жоба қазіргі мемлекеттік қызметшінің жан-жақты, білімді әрі зияткер тұлға екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Бүгінде «Кітап оқитын ұлт» жобасына 189 мыңнан астам адам қатысуда. Олардың қатарында мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері, педагогтер, отбасылық династиялар мен мемлекеттік қызметшілер бар.

Жоба «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры мен Қарағанды, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы әкімдіктерінің, «Amanat» партиясының қолдауымен жүзеге асырылуда. Салтанатты марапаттау рәсімі Ұлттық кітап күні қарсаңында өтеді деп жоспарланып отыр.