Ұлттық экономика министрлігі ұсынған деректерге сәйкес, қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ-нің нақты өсуі 3 пайызды құрады, бұл ретте қызметтер өндірісіндегі өсім 3,7 пайызға, ал нақты секторда 2,1 пайызға жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді.
Салалар арасында ең жоғары өсімді құрылыс – 14,8%), көлік қызметтері – 12,8% және өңдеу өнеркәсібі – 8,5% көрсетті. Жылдың алғашқы екі айында сыртқы сауда айналымы 21,7 млрд долларға жетті, мұнда $2,4 млрд – оң сальдо.
«Өткен жылы экономикадағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12,7%-ға дейін өсті, осылайша екінші жыл қатарынан тау-кен өнеркәсібінің (2025 жылы – 11,9%) деңгейінен асып түсіп отыр. ЖІӨ-дегі мұнай секторының үлесі екі есе қысқарды. 2010 жылы ол 16,5% болған болса, 2024 жылы 8,1%-ға дейін түсті. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін экономиканы одан әрі әртараптандыруға баса назар аудару қажет, бұл "орташа табыс тұзағынан" шығуға мүмкіндік береді», — деді Азамат Әмрин.